ERASMUS+ /KA2/ CBHE 101324934 UNIFUND «Қазақстан университеттерінде эндаумент-қорларды дамыту»
Іске асыру кезеңі: 2026–2029 жж.
Грант сомасы: 78 211 еуро
Жобаның мақсаты:
Қазақстан жоғары оқу орындарының қаржылық тұрақтылығы мен дербестігін арттыру мақсатында институционалдық әлеуетті арттыру, цифрлық шешімдерді енгізу және нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру арқылы эндаумент-қорларды тиімді құру мен басқарудың жалпыұлттық жүйесін әзірлеу.
Серіктестер:
– Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Қазақстан) – үйлестіруші
– Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі (Қазақстан)
– Турин политехникалық университеті (Италия)
– Әулие Климент Охридский атындағы София университеті (Болгария)
– Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті (Қазақстан)
– Alikhan Bokeikhan University (Қазақстан)
– Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Қазақстан)
– Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті (Қазақстан)
– Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (Қазақстан)
– Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті (Қазақстан)
– «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (Қазақстан) – қауымдастырылған серіктес
Күтілетін нәтижелер:
- ЖОО-лардың эндаумент-қорлар құруға дайындығын бағалау әдістемесін әзірлеу және кемінде 15 ЖОО бойынша жиынтық есеп дайындау.
- Фандрайзинг және эндаументті басқару бойынша оқу құралдары мен ұсынымдар жинағын (toolkit) әзірлеу.
- ЖОО-лардың кемінде 150 қызметкерін оқыту, Турин және София университеттеріне оқу сапарларын ұйымдастыру.
- Эндаумент-қорларды дамытуға арналған цифрлық платформа құру (47 ЖОО пайдаланады деп күтіледі).
- Эндаумент-қорлар туралы құқықтық құжаттардың жобаларын әзірлеу және оларды ҚР Парламенті Мәжілісіне енгізу.
- Университеттердің эндаумент-қорларының Ұлттық қауымдастығын құру және оның алғашқы Бас ассамблеясын өткізу.
- 51 университетті ақпараттық науқандарға тарту және 7 қорытынды конференция өткізу.