2023 жылдың 27-31 наурыз аралығында университет оқытушылары мен магистранттары С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде "Қалдықтармен жұмыс істеудің заманауи инновациялық технологиялары" тақырыбындағы семинарға қатысты.Апта бойы С. Сейфуллин Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің оқытушылары барлық бағыттар бойынша қалдықтарды басқарудың жаңа тәсілдерін қолдану туралы дәріс оқыды.Семинар барысында магистранттар мен жұмыс тобының мүшелеріне университеттің зерттеу орталығының жұмысымен, сондай-ақ қалдықтарды қайта өңдеу мен кәдеге жаратудың инновациялық әдістерін енгізу туралы ақпаратпен танысуға мүмкіндік берілді.