TEMPUS 2011 EPASAT бағдарламасы аясында Қазақстандағы финалдық кездесу.
2014 жылғы 8-10 желтоқсан аралығында "Оқ-Жетпес" ЛОК (ЩБКО, Қазақстан) базасында "Тұрақты ауыл шаруашылығы технологияларын дамыту және қолдану арқылы қоршаған ортаны қорғау" TEMPUS 2011 EPASAT жобасы бойынша серіктестердің финалдық кездесуі өтті.
Кездесуге Еуропа - Италия, Португалия, Польша, Эстония, Венгрия елдерінің үйлестірушілері мен серіктестері, сондай-ақ Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан Орталық Азия елдерінің серіктестері қатысты.
Кездесу барысында серіктестер жоба бойынша алынған нәтижелерді, РН.D докторлық мектептер ашу, студенттердің академиялық ұтқырлығы, халықаралық ынтымақтастық туралы екіжақты шарттар, агроэкология, агротехнология және агроэкономика бойынша кәсіби орталықтар құру, әзірленген білім беру бағдарламалары, оқу курстары мен материалдары, жаңа бағдарламалар бойынша студенттер саны, жоба бойынша қаржылық есептілік талқылады
.Кездесу аяқталғаннан кейін Еуропа елдерінен жоба бойынша серіктестер С.Сәдуақасов атындағы Аграрлық-техникалық институтта құрылған кәсіби орталықтарға және Ш.Уәлиханов атындағы жаратылыстану ғылымдары факультетіне барды.
Пікірталас барысында серіктестерге келесі мақсаттар мен міндеттер қойылды: жобаның тұрақтылық жоспарын әзірлеу және келесі үш жылда нәтижелерді тарату. Соңғы кездесуді қорытындылай келе, серіктестер Эразмус плюс жобасын жаңа форматта жалғастыру мүмкіндігін және одан әрі халықаралық ынтымақтастықтың келешегін талқылады.