В рамках проекта TEMPUS 2012 I-WEB прошел ряд мероприятий: 13 мая 2014 года - Летний Университет на базе Казахского национального университета им. Аль-Фараби 14-17 мая 2014 года – встреча рабочей группы по проекту, Летний Университет на базе...
TEMPUS 2012 I-WEB жобасы аясында бірқатар іс-шаралар өтті: 2014 жылғы 13 мамырда - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Жазғы университет 2014 жылғы 14-17 мамыр аралығында – жоба бойынша жұмыс тобының кездесуі, А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті базасында Жазғы Университет
2014 жылғы 13 мамырда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ TEMPUS 2012 I-WEB жобасы аясында Жазғы университеттік ұйымдастырды. Аталған іс-шараға Англия, Кипр, Испания және Қазақстан университеттерінің 10-ға жуық өкілі қатысты. "Су айналымын интеграцияланған басқару" жалпы тақырыбымен біріктірілген баяндамалар дайындалып, тыңдалды. 2014 жылғы 14-17 мамырда А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде жоба бойынша жұмыс тобының (ҚазҰУ, ХҚТУ, КМУ) Ұлыбритания, Германия, Испания және Кипрдің еуропалық сарапшыларымен кездесуі өтті. Бұл кездесудің мақсаты жоба бойынша жұмыс кезеңінде (18 ай ішінде) қол жеткізілген нәтижелер мен мақсаттарды талқылау болды.
2014 жылғы 14-15 мамырда барлық іске асырылған іс-шараларға талдау жүргізілді. КМУ командасы Халықаралық Консультативтік Кеңес туралы есеп беру үшін презентациялар дайындады, іске асырылған қызметке егжей-тегжейлі шолу жасады. Ш. Уәлиханов атындағы КМУ бірінші проректоры Т.Н.Жаркинбеков TEMPUS 2012 I-WEB жобасы аясында жүзеге асырылған жұмыстарға шолу жасады. Ол жоба бойынша бірінші жұмыс пакетін орындаудың оң жақтарын атап өтті, атап айтқанда Халықаралық консультативтік Кеңеспен (ХҒС) даму және ынтымақтастық. Негізгі нәтижелердің бірі - ХКК-ка қатысу үшін академиялық емес серіктестерді тарту. Осы саладағы ынтымақтастыққа келісім берген ұйымдардың түпкілікті тізімі ұсынылды.