2016 жылғы 10-11 наурызда Бұхара мемлекеттік университетінде (Өзбекстан,Бұхара қ.) №544126-TEMPUS-1-2013-1-ES-TEMPUS-JPHES TEMPUS 2013 UNIWORK "Түлектердің жұмысқа орналасу және сапалы жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейту үшін Орталық Азия жоғары оқу орындарындағы Мансап орталықтарын нығайту" еуропалық жобасы аясында "Жастар арасында Жұмыспен қамту және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі өңірлік форум" өтті .

Өңірлік форумға Орталық Азия елдерінің: Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстанның сарапшылары, жоғары білім және ғылым министрліктерінің, сауда-өнеркәсіп палаталары мен бизнес-секторларының өкілдері, сондай-ақ Аликанте университеті (Испания), FH Joanneum қолданбалы ғылымдар университеті (Австрия) және Шеффилд университеті (Ұлыбритания)қатысты.

Ш. Уәлиханов атындағы КМУ-ден ф. ғ.к., университеттің ғылыми хатшысы Тлеубердина Г.Т., Мансап орталығының жетекшісі Шорникова О. Н., университеттегі TEMPUS 2013 UNIWORK жобасының жергілікті үйлестірушісі Искакова Г. Е., жаратылыстану ғылымдары факультетінің 4 курс студенті Манапов Д. К. қатысты.

Бірінші күні Орталық Азия елдерінің жеңімпаз студенттері арасында Студенттік бизнес-жоспарлар байқауы және бизнес-жоспар бойынша постерлер көрсетілді, олар өздерінің бизнес-жоспарларын ауызша ұсынды.

Сонымен қатар, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстанның сауда-өнеркәсіп палаталары мен бизнес-сектор өкілдері қатысқан "Студенттер мен түлектер арасында кәсіпкерлікті ілгерілету үшін бизнес пен білім беру арасындағы өзара іс-қимылды күшейту" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, өңірлік деңгейде жастар арасында жұмыспен қамту және кәсіпкерлік мәселелері талқыланды.

Өңірлік форум барысында Орталық Азиядан келген барлық әріптестер жастарды жұмысқа орналастыру және кәсіпкерлікті көтермелеу, сондай-ақ жоғары оқу орындары мен кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі ұлттық стратегиялар бойынша ұсынымдар ұсынды.

Екінші күні " Үкімет түлектердің жұмысқа орналасуын жақсарту үшін жоғары білімді қалай қолдай алады?" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Онда Орталық Азияның бес елінен жоғары білім министрліктерінің өкілдері түлектердің жұмысқа орналасуын жақсарту мәселелерін талқылады.

Өңірлік форум соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.