2015 жылғы 4-7 мамыр аралығында Самарқанд мемлекеттік университетінде (Самарқанд қ., Өзбекстан) еуропалық серіктес университеттерінің (Ұлыбритания, Австрия және Испания) және Орталық Азия елдері Мансап орталықтары профессорларының қатысуымен TEMPUS 2013 UNIWORK "Орталық Азия жоғары оқу орындарында түлектердің жұмысқа орналасу және сапалы жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейту үшін Мансап орталықтарын нығайту" жобасы шеңберінде "Кәсіпкерлік және кәсіпкерлік қызметті қолдау" тақырыбында оқыту семинар-тренингі өтті

Семинар барысында еуропалық әріптестер кәсіпкерлік дағдылар, кәсіпкерлік қызмет бойынша тренингтер, кәсіпкерлік бойынша онлайн курстар өткізу, бизнес құзыреттіліктер мен бизнес-жоспарлау бойынша идеяларды ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ бизнес құзыреттіліктер бойынша конкурстар өткізу жөнінде түрлі іс-шаралармен және "Enactus" бағдарламасымен таныстырды. Семинарда кәсіпкерлік дағдыларды дамытудың оқу модульдері, бизнес құзыреттері мен кәсіпкерлік мүмкіндіктері бойынша түрлі жобалар ұсынылды. Семинарға қатысушылар еуропалық университеттердің жаттықтырушыларына сұрақтар қойып, түрлі топтық, практикалық тапсырмаларды орындады, сондай-ақ Орталық Азия елдерінде кәсіпкерлікті дамыту және кәсіпкерлік қызметті қолдау туралы әңгімеледі

Тренинг соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.