«Түлектеріміз – ұлт руханиятының көшбасшысы» атты форум
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде филология және қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтарына арналған «Түлектеріміз – ұлт руханиятының көшбасшысы» атты форум өтетіндігін хабардар етеміз.
Бұл іс-шара кафедра түлектерін бір арнаға тоғыстырып, тәжірибе алмасуға, түлектер мен студенттер арасындағы байланыстарды нығайтуға бағытталған. Заманауи өзгерістерге қатысты өзекті мәселелер талқыланып, жаңа көзқарастар ұсынылады. Сондай-ақ табысты түлектер тәжірибесі арқылы болашақ мамандарға бағыт-бағдар беріледі.
Форум аясында:
- түлектердің жетістік жолдары мен кәсіби тәжірибелері ұсынылады;
- қазіргі еңбек нарығындағы филолог мамандардың орны мен рөлі талқыланады;
- студенттер мен түлектер арасында ашық диалог алаңы ұйымдастырылады.
Өту орны мен уақыты:
Көкшетау қ., Абай к., 76
Ш. Уәлиханов ат. КУ бас ғимараты, салтанат залы
2026 жылғы 15 мамыр, сағат 10:00
Қосымша ақпарат үшін:kazfilologia2@mail.ru
Ұйымдастырушы: Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы.