Құрметті достар!

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті Ақмола облысы мен Қазақстан Республикасы мектептерінің 7-11 сынып оқушыларын Қазақстандағы Балалар жылына арналған "Мектеп және университет: ғылыми ынтымақтастықтың қырлары" ғылыми - практикалық конференциясына қатысуға шақырады.

Конференция 2024 жылғы 16 сәуір күні сағат 15.00-де өтеді.

Конференцияның мақсаты: Дарынды оқушыларды анықтау және олардың зерттеу дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамыту үшін "Мектеп-университет" ғылыми кеңістігін құру.