03.02.2025 ж. Жоғары медицина мектебінің 1 курс студенттері Көкшетау қалалық аумақтық сайлау комиссиясының жоспары негізінде Дүниежүзілік сайлау күні аясында дәріске қатысты. Аталған дәрісте құқық кафедрасының лекторы спикер Ерлан Амангелдіұлы Наурызбаев болды. Мұндай дәрістерге қатысу бірінші курс студенттеріне демократиялық процестер, сайлау жүйесі және азаматтық құқықтар туралы көбірек білуге мүмкіндік береді. Мұндай білім беру іс-шаралары жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға көмектеседі.