07.02.2025 ж.AntiParaCraft сыбайлас жемқорлыққа қарсы квест - ойынының жаңа маусымы ашылды. Бұл маңызды оқиға, әсіресе оның сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытын ескере отырып. Бұл студенттерге адалдық, әділеттілік және жауапкершілікті мінез-құлық принциптерін үйретуге арналған тамаша алаң. Жоғары медицина мектебінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы квест-ойынының жаңа командасы бірінші кезеңге дайындық барысында . Биылғы команданың құрамы бірінші курс студенттерінен тұрады: Жапарова Тамила-команда капитаны, Ахмадия Дильназ, Құрбан Сания, Азмағанов Жандос, Баянова Арай, Отан Санжар.Команда өткен маусымның жеңімпаздары - 2 курс студенттері жетекшілік ететінін ескере отырып, табысқа жетуге дайын. Студенттерімізге сенімділік, батылдық және командада жұмыс істей білу, ең жақсы қасиеттерді көрсетіп, жеңіске жету тілейміз!