08.04.2025 «Ғылым және бизнес» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында Индустриялық брейншторм ұйымдастырылды. Бұл шара университеттің профессор-оқытушылар құрамын өңірлік жұмыс берушілермен байланыстырып, салалық мәселелерді бірлесе шешуге бағытталды.

Брейнштормға университеттің түрлі мектептері мен институттары, сондай-ақ мына салалар бойынша жұмыс берушілер қатысты:

  • машина жасау
  • ауыл шаруашылығы
  • орман шаруашылығы
  • тау-кен өндірісі
  • құрылыс
  • экология
  • медицина

Медицина жоғары мектебінен қатысқандар:

– Жангалов Б.Б.

– Мурзагулов Н.А.

– Дюсенбина Ж.Д.

– Әшім Қ.Ж.

– Хасенова А.Д.

Қатысушылар өз салаларындағы өзекті мәселелерді анықтап, оларды шешу жолдарын келесі әдістер арқылы қарастырды: Mind Mapping, 5 Неге, SCAMPER, Fishbone, Brainwriting.

Іс-шара ғылым мен бизнестің тиімді өзара әрекеттесуіне жол ашып, жаңа бірлескен жобаларға бастау болды.