2026 жылғы 11 қарашада Жоғары медицина мектебінің Морфология, физиология және жалпы патология кафедрасының оқытушысы А. Ж. Қосмағанбетов университет ұжымымен және Абитуриенттерді қабылдау және сүйемелдеу орталығының (Admissions Office) өкілдерімен бірлесіп, Зеренді ауданының мектептерінде кәсіптік бағдар беру кездесулерін өткізді.
Кездесулер барысында жоғары сынып оқушыларына Ualikhanov University білім беру бағдарламалары, оқуға түсу талаптары, мамандық таңдаудың негізгі кезеңдері және университетте білім алудың мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берілді.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға қажетті кеңестер алды.