2025 жылғы 16 сәуірде Бизнес-инкубатор Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің Бизнес және құқық жоғары мектебімен бірлесіп, Startup Академиясы тыңдаушыларының шақырылған қонақ – Сантьяго-де-Компостела (Испания) Университетінің ассистент-профессоры Наиля Сайфулинамен кездесуін ұйымдастырды.

Кездесу ашық диалог форматында өтті. Қонақ қатысушыларды Еуропадағы ең көне университеттердің бірі – Сантьяго-де-Компостела университетінің көп қырлы қызметімен таныстырды, сондай-ақ Испаниядағы стартаптарды іске асыру және ілгерілету тәжірибесімен бөлісті, гранттық қолдаудың өзекті нысандары және жаңадан бастаған кәсіпкерлер үшін халықаралық мүмкіндіктер туралы айтты.

Көкшетау университетінің өкілдері – Startup-жобалардың басшылары мен қатысушылары өз идеяларын таныстырып, оларды іске асыру ерекшеліктерін талқылады.Тәжірибе алмасу барлық қатысушылар үшін құнды болып, оларды шабыттандырды.

Наиля Сайфулинаға келгені үшін, ал студенттер мен стартап тыңдаушыларына белсенді қатысқаны үшін алғыс айтамыз!