18 сәуірде Ш.Уәлиханов атындағы КУ КеАҚ педагогика және психология кафедрасында «Жас ғалым» ЖТН № AP14972630 гранттық қаржыландырудың 2022-2024 жылдарға арналған ғылыми жобасы шеңберінде «Қазақстанның жаңа кәсіптер мен құзыреттіліктер Атласы контексінде ерте бейімдеу кезінде оқушыларға көптілді білім берудің рөлі» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.Конференцияның мақсаты мектеп оқушыларын ерте мамандандыру саласындағы қазақстандық, шетелдік ғалымдар мен тәжірибешілердің ғылыми-ақпараттық алмасуы болды.

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің педагогикалық институты директорының орынбасары, биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор И.Б. Острецова құттықтау сөз сөйледі. Модератор ретінде Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің педагогика және психология кафедрасының қауымдастырылған профессоры PhD докторы К.О.Оразбаева және Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің педагогика және психология кафедрасының қауымдастырылған профессоры PhD докторы С.К.Молдабекова сөз сөйледі. Конференцияның спикерлері жоғары оқу орындарының, колледждердің, мектептердің оқытушылары, зерттеуші-педагогтар К.Р. Калқеева, А.С. Куликовская, А.С.Мамбеталина, К.Т. Мадазимова, Р.З., Бақыт, Н.У.Елеуова Астана қ.; И.К. Мацкевич, Өскемен; Н.В. Мирза Қараганды қ.; Ш.М. Майгельдиева Қызылорда қ.; Д.В. Лепешев, С.К.Молдабекова, Г.Е. Нургасимова Көкшетау қ. сонымен қатар жақын және алыс шетел ғалымдары: Р.Т.Бурганов, Т.М.Трегубова, А.С.Кац Казань қаласы; Тюрина Надия Москва қаласы; О.С.Щербинина, И.Н. Грушецкая Кострома қаласы; Н.Е.Щербакова, О.Г.Груздова Пенза қ.; Ш.Ш. Юлдашева Ташкент қаласы, Өзбекстан.Баяндамалардың мазмұнды және өзекті тақырыптары үшін барлық спикерлерге және осы іс-шараны ұйымдастырғаны және өткізгені үшін барлық қатысушыларға алғыс айтамыз.

Ғылым саласындағы барлық шығармашылық бастамалар мен жаңа жетістіктерді тілейміз!