2024 жылдың 19 наурыз күні Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде 6D080100 – «Агрономия» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін іздену үшін ұсынылған Уалиева Гульмира Тоқтарқызының «Солтүстік Қазақстан жағдайында тұқым өнімділігі жоғары жоңышқаның бастапқы материалын жасау және бағалау» тақырыбына диссертация қорғауы өтті.

Ресми рецензенттер: Ержанова Сакыш Танырбергеновна – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС малазықтық дақылдар зертханасының жетекші ғылыми қызметкері және Жумадилова Жанар Шадибековна – PhD, «Ы. Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Басқарма төрағасының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары.

Ғылыми кеңесшілер: Сагалбеков Уалихан Малгаждарович – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, ҚР АШҒА академигі «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» кафедрасының профессоры; Янчева Христина – PhD, профессор Аграрлық университет ректоры, Пловдив қ., Болгария.

Г.Т. Уалиеваны және оның ғылыми кеңесшілерін сәтті қорғаумен шын жүректен құттықтаймыз, Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық табыс, жемісті еңбек тілейміз! Ғылыми жолыңыз әрқашан тың идеяларға, нәтижелерге бай болып, ғылымның дамуына үлес қоса берсін!