2026 жылғы 2 қарашада Жоғары медицина мектебінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері Ualikhanov University оқытушылары және студенттерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған «Қазақстанның жаңа тарихи кезеңдегі өзекті міндеттері» атты Жолдауында белгіленген басым міндеттерді талқылауға арналған кездесуге қатысты.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты Асхат Рахимжанов, Халық кеңесінің мүшесі Бағдат Рахметуллина және Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров қатысты.

Кездесу барысында экономиканы цифрлық трансформациялау, жасанды интеллект технологияларын енгізу, энергетика саласын дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту және адами капиталды нығайту мәселелері талқыланды.

Кездесу ашық диалог форматында өтті. Оқытушылар мен студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасып, Қазақстанның өзекті даму бағыттарын талқылады.

Осындай іс-шараларға қатысу белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға, қоғамдық-саяси сауаттылықты арттыруға және университет қауымдастығын ел дамуының маңызды мәселелерін талқылауға тартуға ықпал етеді.