Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде 2025 жылғы 22 сәуірде педагогикалық институттың ғылыми қызметкерлері үшін ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру және бизнес-инкубациялау бойынша семинар өткізілді.

Ғылыми жұмыс және өңірмен өзара іс-қимыл жөніндегі проректор Жакупова Айгуль Досжановна жетекшілігімен қатысушылар педагогикадағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін нақты жобаларға және стартаптарға коммерцияландыру мүмкіндігін талқылады.​

Семинар қорытындысы бойынша Ақмола облысының білім мекемелеріне ендіруге мүмкіндігі бар педагогика саласындағы ғылыми жобалар тізімін айқындау туралы шешім қабылданды.

Спикерлер:

- Нұрғазиев Рашит Есенгелдіұлы, а.ш.ғ.к., қауымдастырылған профессор, Технологияларды коммерцияландыру офисінің жетекшісі

- Темирова Жанна Германқызы, PhD, Ualikhanov University Бизнес инкубаторының жетекшісі

Тақырыптар:

* Ғылыми әзірлемелер нәтижелерін коммерцияландыру

* Жобаларды қолдау

* Университет инкубаторының қызметі

Нәтиже: ғылыми кәсіпкерлікке шабыт, білім және мотивация!