2026 жылғы 22 мамырда Ualikhanov University қабырғасында Ақмола облысы психологтарының «Мектептегі инклюзивті оң психологиялық орта: Италия мен Қазақстан тәжірибесі» тақырыбында облыстық семинары өтті.
Іс-шараны Ақмола облысы білім басқармасының «Психологиялық қолдау орталығы» КММ ұйымдастырды. Семинарға өңірдің педагог-психологтары мен мамандары қатысты.
Семинар аясында Италиядан келген шақырылған сарапшы – Генуя университетінің (University of Genoa) қауымдастырылған профессоры, PhD докторы Диана Спулберг өз тәжірибесімен бөлісті. Ол инклюзивті білім беру ортасын қалыптастыру және білім алушылардың психологиялық әл-ауқатын қолдау бойынша халықаралық тәжірибені таныстырды.
Қатысушылар инклюзивті білім беруді дамыту мәселелерін талқылап, тәжірибе алмасып, болашақтағы ынтымақтастық бағыттарын айқындады.
Семинар кәсіби диалог алаңына айналып, білім беру саласындағы халықаралық серіктестікті нығайтуға мүмкіндік берді.