2026 жылы 22 қазанда Ualikhanov University Жоғары медицина мектебінің хирургиялық пәндер кафедрасы Рымбаева Д. Н.-ның жетекшілігімен «Панацея клиникасы» ЖШС базасында сүт безі қатерлі ісігі туралы хабардарлықты арттыруға және оны ерте анықтаудың маңыздылығына арналған ақпараттық-ағартушылық іс-шара өткізді.

Іс-шара барысында 6-курс интерндері мен 5-курс студенттері әйелдермен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, олардың сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу, алаңдататын белгілері және скринингтен өту туралы ақпараттық жадынамалар таратты.

Біздің басты мақсатымыз — әрбір әйелге өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың, тұрақты тексеруден өтудің және дәрігерге уақтылы жүгінудің маңыздылығын еске салу.

Ауруды ерте анықтау тиімді ем алу мүмкіндігін арттырып, өмірді сақтауға көмектеседі!

Бастаманы қолдап, белсенді қатысқан клиника қызметкерлері мен пациенттеріне алғыс білдіреміз.