2025 жылғы 23 маусымда Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің базасында "Ақмола облысының Болашақ кәсіптерінің атласы: білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу" тақырыбында ашық әдіснамалық семинар өтті.

Семинар Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша жүзеге асырылатын "Мамандығым – Болашағым" маңызды ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде өтті. Жоба болашақта қандай мамандарға — бүкіл ел деңгейінде де, өңірлер мен салалар деңгейінде де сұранысқа ие болатынын және бүгінгі күні біздің білім беру жүйемізді бұған қалай дайындау керектігін болжауға бағытталған.

Ақмола облысында жоба бойынша жұмыс 2023 жылы басталды. Сол кезде форсайт-мектеп өткізілді, оның аясында Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің 18 оқытушысы Rapid Foresight әдіснамасы бойынша оқудан өтті. Форсайт-сессиялардың нәтижелері негізінде өңірдегі кәсіптік білім беру мазмұнын жаңарту үшін негізгі бағдарға айналған Болашақ кәсіптерінің өңірлік атласы қалыптастырылды.

Бүгінгі семинар осы жұмыстың қисынды жалғасы болып, Ақмола облысы білім басқармасының, колледждердің, жұмыс берушілер мен әдіскерлердің өкілдерін бір алаңда біріктірді.

Семинарды ұйымдастыру және өткізу үшін спикерлер ретінде сарапшылар - жоба жетекшісі Олжас Сәкенов, жоба сарапшысы Марина Скиба, салалық біліктілік жүйесін үйлестіру департаментінің бас сарапшысы Елена Свердлова, Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Гамазов Валерий Георгиевич шақырылды. Көпсалалы инновациялық колледж директорының ОӨЖ жөніндегі орынбасары Бекбауова Идия техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне кәсіптердің Өңірлік атласын енгізудің практикалық тәжірибесімен бөлісіп, білім беру бағдарламаларының мазмұнына жаңа кәсіптерді енгізу және оқу процесін еңбек нарығының өзекті талаптарына бейімдеу жөніндегі алғашқы қадамдар туралы айтып берді.

Күннің екінші жартысында қатысушылар тәжірибеге бағытталған сессияларға белсенді қатысты: жаңа бағдарламалардың атауларын таңдап, мақсаттарды анықтап, оқытудың күтілетін нәтижелерін әзірледі — мұның бәрі өңірлік ерекшеліктер мен нақты кадрлық сұраныстарды ескеріп жасалды.

"Мамандығым-Болашағым" жобасы - бұл трендтерді талдау ғана емес. Бұл университеттер, колледждердің, оқытушылар мен жұмыс берушілердің болашақ білім мен экономиканы қалыптастыру жөніндегі бірлескен жұмысы.