2025 жылғы 24 сәуірде Хирургиялық пәндер кафедрасының оқытушысы Әлпілам Жұлдыздың жетекшілігімен Медицина жоғары мектебінің шетелдік студенттері Көкшетау қаласының тарих музейіне барды.
Бұл экскурсия студенттерді өңірдің тарихы мен мәдени мұрасымен таныстыруға бағытталған мәдени-ағартушылық бағдарламаның бір бөлігі болды.
Экскурсия барысында студенттер қала дамуының әртүрлі тарихи кезеңдеріне арналған экспозициялармен, сондай-ақ Көкшетау қаласының танымал тұлғаларының жетістіктерімен танысты. Әсіресе, Ақмола облысы аумағында өмір сүрген халықтардың тұрмысы мен дәстүрлерін бейнелейтін артефакттар ерекше қызығушылық тудырды.
Мұндай шаралар мәдениетаралық өзара байланысты нығайтуға, халықтар арасындағы достықты арттыруға және болашақ медицина мамандарының дүниетанымын кеңейтуге ықпал етеді.