2026 жылғы 24 қыркүйекте Жоғары медицина мектебінің 5–6-курс білім алушыларына арналған «Жасөспірімдер мен жастар арасында тәуелділіктің алдын алу бойынша медициналық-психологиялық іс-шаралар» тақырыбында дәріс өткізілді.

Дәрісті жоғары санатты психиатр-нарколог дәрігер, Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы Облыстық психикалық денсаулық орталығының директоры Высоцкий Александр Анатольевич оқыды.

Кездесу барысында жасөспірімдер мен жастар арасындағы тәуелділіктің әртүрлі түрлерінің алдын алудың өзекті мәселелері, сондай-ақ оларды ерте анықтау мен болдырмаудың негізгі медициналық-психологиялық тәсілдері қарастырылды. Салауатты өмір салтын қалыптастыруға және жастардың тәуелді мінез-құлықтың салдары туралы хабардарлығын арттыруға ерекше назар аударылды.