2025 жылдың 25 сәуірінде Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау университетінде Қытай Халық Республикасының Синьцзян педагогикалық институты мен Бейжің шет тілдер университеті делегациясының ресми сапары өтті. Сапардың мақсаты — білім және ғылым салаларында екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылау және серіктестік туралы келісімге қол қою болды.
Делегация құрамына кіргендер:
Сапар аясында Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау университетінің басшылығымен келіссөздер жүргізілді. Тараптар педагогикалық кадрларды даярлау, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы, әдістемелік материалдармен алмасу, бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру, сондай-ақ инклюзивті және мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын дамыту сияқты негізгі бағыттарды талқылады.
Кездесу қорытындысы ретінде Синьцзян педагогикалық университеті, Ош мемлекеттік университеті және Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау университеті арасында Синьцзян–Орталық Азия мектепке дейінгі білім беру альянсының негізін қалаушылар ретінде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Осылайша, Көкшетау университеті альянстың толыққанды мүшесіне айналды.
Бұл келісім тұрақты серіктестік орнатуға, халықаралық білім беру байланыстарын нығайтуға және мектепке дейінгі білім беру саласындағы стратегиялық бастамаларды іске асыруға, сондай-ақ Орталық Азия мен Қытай арасында бірыңғай білім беру кеңістігін қалыптастыруға бағытталған.
Аталған сапар университеттің халықаралық ынтымақтастығын кеңейту жолындағы маңызды қадамға айналып, студенттер мен оқытушылардың кәсіби және ғылыми өсуіне жаңа мүмкіндіктер ашты.