2022 жылғы 25 қарашада Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде қазақтың көрнекті ғалымы, профессор, техника ғылымдарының докторы Шәріпов Серік Мырзабайұлын еске алуға арналған "Құрылыс және экология: замандастар диалогы" атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Конференцияға профессордың отбасы, туыстары, әріптестері, оқушылары, оқытушы-профессорлар, белгілі ғалымдар, студенттер, магистранттар, докторанттар қатысты.

Университет ректоры Сырлыбаев Марат Кадирович құттықтау сөз сөйлеп, профессор Серік Мырзабайұлын еске алды, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің доценті, Серік Мырзабайұлының әпкесі Шолпан Мырзабайқызын доценті Ualikhanov University мерейтойлық медалімен марапаттады.Профессор Серік Мырзабайұлы Шәріпов Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің құрылыс мамандығын дамытуға зор үлес қосты. 2011 жылдан бастап "Құрылыс және машина жасау" кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. Біздің университетте ғалымның жарқын таланты, ұйымдастырушылық сыйы, көшбасшылық қасиеттері мен педагогикалық қабілеттері толық ашылды. Ол 100-ден астам ғылыми мақала мен еңбек, 3 монография, 3 оқу құралын жариялады, 2 өнертабыстың иесі. Профессор құрылыс мамандықтары бойынша 3 кандидаттық диссертацияның, экология мамандығы бойынша 8 магистрлік жұмыстың ғылыми жетекшісі болды. Оның еңбегі мемлекеттік деңгейде жоғары бағаланады. Серік Мырзабайұлы Білім және ғылым министрлігінің "Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісімен марапатталды. Серік Мырзабайұлы әзірлеген техникалық шешімдер Қарағанды, Балқаш, Степногорск, Петропавл, Көкшетау, Астана қалаларының құрылыс индустриясы кәсіпорындарында енгізілді.