2026 жылдың 27 сәуірінде Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті базасында...
2026 жылдың 27 сәуірінде Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті базасында «6В01707 – Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша бакалавриат білім алушылары арасында XVIII Республикалық пәндік олимпиада өз жұмысын бастады.
Аталған олимпиада студенттердің кәсіби пәндер бойынша теориялық және практикалық білім деңгейлерін бағалауға, сондай-ақ жаңа ортада, пәнаралық контексте проблемаларды шешу үшін өз білімін, түсінігі мен қабілетін жалпы адами және ұлттық құндылықтар негізінде бәсекеге қабілетті болашақ маман ретінде пайдалана білу құзіреттіліктерін арттыруға бағытталған.
Олимпиаданың салтанатты ашылуы бүгін өтті. Іс-шараны университет ректоры Сырлыбаев М.К. ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.