28 наурызда Ualikhanov University қабырғасында Ғылыми кеңес отырысы өтті.

Кездесу барысында университет ректоры Марат Сырлыбаев клиникалық пәндер кафедрасының лекторы, медицина ғылымдарының кандидаты Ерназар Тілеубергеновті 70 жылдық мерейтойымен құттықтап," Ualikhanov University 60 жыл" медалімен және ақшалай сертификатпен марапаттады.

Әріптесімізді мерейтойымен құттықтаймыз! Зор денсаулық, ұзақ өмір және жаңа жетістіктер тілейміз!