28 қыркүйекте Ualikhanov University Жоғары медицина мектебінің 1-курс студенттері «Аллергиялық диагностика: болашақ дәрігер нені білуі керек?» тақырыбындағы дәріске қатысты. Іс-шараны «КДЛ ОЛИМП Астана» ЖШС Ақмола филиалы ұйымдастырды. Дәрісті аллерголог-дәрігер, педиатр Кориневская Наталья Владимировна өткізді. Кездесу барысында бірінші курс студенттері аллергиялық ауруларды диагностикалаудың заманауи әдістерімен, зерттеу нәтижелерін түсіндіру қағидаларымен және аллергиялық реакциялары бар пациенттермен жұмыс істеудің маңызды аспектілерімен танысты. Дәріс студенттердің үлкен қызығушылығын тудырып, болашақ дәрігерлердің кәсіби білімін кеңейтуге ықпал етті. Жалпы қамту саны — 92 адам. Наталья Владимировнаға және «КДЛ ОЛИМП Астана» ЖШС Ақмола филиалына мазмұнды әрі танымдық кездесу үшін алғыс білдіреміз!