2025 жылғы 3 сәуірде Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде "Серпін" бағдарламасы бойынша педагогикалық мамандықтардың соңғы курс студентерінің Ақмола облысының жұмыс берушілерімен кездесуі өтті. Сонымен қатар, "Бос орындар жәрмеңкесі" ұйымдастырылды.
Іс-шара түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуге, өзекті бос жұмыс орындарымен танысуға және ынтымақтастық туралы меморандумдар жасауға бағытталған. Жәрмеңкеге білім басқармасының өкілдері, 70 астам мектептермен, колледждер, қалалық, аудандық білім бөлімдерінің басшылары қатысты.
Түлектер бос жұмыс орындары туралы ақпарат алды, сұрақтар қойып, өңірдің білім беру мекемелеріндегі жұмыс перспективаларын талқылады. Биылғы жылы "Серпін" бағдарламасы бойынша оқуды 377 студент аяқтайды.
https://youtu.be/l-gWMG049n0?si=TE6oKE3Vw0EPGFuJ