2025 жылғы 5 ақпанда "Қоғамдық келісім" КММ Жоғары медицина мектебі студенттерінің, оның ішінде студенттер Ассамблеясының құрамына кіретін шетелдік студенттердің Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің басшыларымен маңызды кездесуі өтті.
Бұл іс-шара студенттік қоғамдастық өміріндегі ұлтаралық келісімді нығайтуға, толеранттылықты дамытуға және Ақмола облысында тұратын халықтардың бай мәдени мұрасымен танысуға бағытталған жарқын оқиға болды.