2023 жылғы 6 маусымда Ualikhanov University-де StartUp Project конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті!

StartUp Project конкурсы - университеттің кәсіпкерлік пен инновацияға ұмтылатын талантты студенттерді қолдайтын тамаша алаңы. Startup Академиясы 2023 жылы стартап жобалардың 5 ағынының оқуын аяқтап, өткізілген конкурстың нәтижелерін хабарлайды.

"GREEN HORIZON – жасыл шатырларды абаттандыру және көгалдандыру қызметтері орталығы" жобасы университеттен 2 885 792 теңге көлемінде инвестиция алады. Жобаның жетекшілері - Ермек Сейілбеков пен Алина Хайруллина. Жобада экологиялық жағдайды жақсарту, Көкшетау қаласының көрнекі тартымдылығын арттыру үшін ғимараттар мен құрылыстарда жасыл шатырлар салу бойынша қызметтер көрсету көзделген. Абай көшесі,76 мекен-жайындағы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің аймағы ұсынылатын қызметтердің алғашқы демонстрациялық алаңы ретінде пайдаланылатын болады.

"ALL-AROUND" жобасы - Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің имидждік өнімдер дүкені, ол университеттен 1 329 258 теңге көлемінде инвестициялық қолдау алды. 3 курс студенті Дильнара Сәрсембаева - жоба жетекшісі. Ualikhanov University брендімен бірегей және стильді киімдер мен аксессуарларды ұсынатын дүкен құру идеясы киімдер мен аксессуарлардың даралығын, сондай-ақ университеттің танымал болуын және қолдауын білдіру үшін бұрыннан келе жатыр, ал жоба тобы университеттің бизнесі мен брендінің қиылысу нүктесінде жоғары әлеуетті көрсетті.​

Жеңімпаз командалар шығармашылық идеяларды ғана емес, сонымен қатар қазіргі қоғамның қажеттіліктерін жақсы түсінетіндіктерін көрсетті. Олардың жобалары одан әрі дамыту және масштабтау үшін жоғары әлеуетке ие.

Конкурстың барлық қатысушылары кәсіби шеберліктің, инновациялық ойлаудың және табысты стартап құруға деген ұмтылыстың жоғары деңгейін көрсетіп, керемет жобалар ұсынғанын атап өткен жөн:

«Секира» жобасы - құрал тұтқаларын жасау шеберханасы, жетекшілер - Ислямова Даяна, Манжанов Бекзат;

Cycling in Kokshetau – Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде велосипедттерді жалға беру қызметін ұсыну бойынша сервис, жоба жетекшісі Ермоленко Максим.

«University Phone» - студенттік өмірді біріктіретін мобильді қосымшаны құру, жоба жетекшілері - Уралбекова Зарина, Ташниязов Зиннатилла, Озиева Хава;

Конкурс жеңімпаздары мен қатысушыларын құттықтаймыз және оларға өз жобаларын одан әрі дамыту мен іске асыруда табыс тілейміз. Олардың инновациялық идеялары өңіріміздің әлеуметтік және экономикалық дамуына елеулі үлес қосатынына сенімдіміз.шабыттандырады.

Осы StartUp Project конкурсына қатысқаны үшін барлық қатысушыларға және қазылар алқасына алғыс айтамыз! Сіздің қатысуыңыз бен шығармашылығыңыз кәсіпкерлік ортаны дамытуға үлкен үлес қосады және студенттік ортада кәсіпкерлердің жаңа буынын