2026 жылғы 8 маусымда Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті базасында 2026–2027 оқу жылына Александру Иоан Куза атындағы университетінде (Яссы қ., Румыния) 5 күндік тағылымдамадан өтуге арналған Erasmus+ KA1 (Staff Mobility for Teaching – STA) бағдарламасы бойынша 1 грантқа оқытушылар арасында конкурс өткізілді. Конкурс қорытындысы бойынша Erasmus+ KA1 (Staff Mobility for Teaching – STA) грантының иегері болып Педагогика, психология және жас ерекшелік дамуы кафедрасының қауымдастырылған профессоры Сабитова Диана Сайранқызы атанды. Халықаралық тағылымдама 2026–2027 оқу жылында өткізіледі.