2025 жылдың 9 сәуір күні Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде аймақтық «Серпін» жобасын жүзеге асыру бойынша Ақмола облысы әкімінің орынбасары Д.Айтбаев төрағалығымен кезек отырысы өтті. Кездесуге университет ректоры М.Сырлыбаев қатысты.
Түлектердің жұмысқа орналасуына көмектесу мәселесі басты назарда. Ағымдағы оқу жылында бағдарлама аясында 377 түлек оқуын аяқтауда, оның ішінде педагогикалық мамандықтар бойынша – 319 студент, ауыл шаруашылығы және техникалық мамандықтары бойынша – 58 студент. 23 мамандық бойынша 1635 студент оқуын жалғастыруда.
Отырыс барысында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің әлеуметтік-мәдени жөнінде А. Қапышев, Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Е.Мұхамедин, Ақмола облысының білім басқармасы басшысының орынбасары В. Гамазов күн тәртібі бойынша хабардар етті.
Жиында «Серпін» бағдарламасының түлектерін ауылдық жерлерде баспанамен қамтамасыз ету мемлекеттік қолдау шаралары жөнінде талқыланды. Шешімнің бірі – «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша қолдау көрсету.
Отырыс қорытындысы бойынша Ақмола облысы әкімінің орынбасары Д.Айтбаев «Серпін» жобасын жүзеге асыру аясында атқарылуы тиіс бірқатар міндеттер қойылды.
https://www.facebook.com/share/19dGbTK82h/?mibextid=wwXIfr