KOKSHE телеарнасының «Диалог дня» бағдарламасында Ualikhanov University-дің Интернационалдандыру және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі проректоры Жайлагүл Сағындықова мен Data Science білім беру бағдарламасының 3-курс студенті, жас AI-стартапер Анаис Русланқызы қонақ болды

Эфир барысында «AI Sana» мемлекеттік бағдарламасының мүмкіндіктері, білім беруде жасанды интеллект құралдарын қолдану, ChatGPT Education платформасы, цифрлық гигиена және киберқауіпсіздік мәселелері талқыланды.

Ualikhanov University жасанды интеллект технологияларын білім беру үдерісіне енгізіп, цифрлық дәуірдің жаңа буын мамандарын даярлауды жалғастыруда.

https://youtu.be/wrSmeCoLGzM?si=mKSGRR57327dT8ey