Геологтар күніне орай Ғылым апталығы аясында 04.09.2024 жылы кезекті дәстүрлі географиялық кеш өтті. Бұл шараға «Севказнедра» өңіраралық департаментінің өкілдері, «Тау – Проект» ЖШС бас геологы Зкирен Марат Амангелдіұлы және «Солтүстік Қазақстан геология ардагерлері кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Реммеле Галина Николаевна шақырылды. Келген қонақтарға, әріптестерім Еламанова Алина Бақытжанқызына, Данкина Гүлжан Рашидқызына және Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің тарих, география және СҒЖ кафедрасының «География – тарих» мамандығының барлық студенттеріне белсенділік танытқандары үшін алғыс білдіреміз.