Сәуірдің 12-сі – Қазақстанда ғылым қызметкерлерінің күні, бұл ғылым академиясының тұңғыш президенті, көрнекті геолог Қаныш Сәтбаевтың да туған күні.

Осы күні Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде Ғылым айының ашулуына байланысты мерекелік іс-шара өткізілді!

Биылғы жыл еліміз үшін ерекше – Қазақстан көрнекті ғалым, қазақ даласының біртуар перзенті, есімі ғылым мен өндірістің көптеген жетістіктерімен тығыз байланысты Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толып отыр.

Осы мереке қарсаңында университетіміздің жетекші ғалымдары ғылым мен білімнің дамуына қосқан зор үлесі үшін Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.

Баршаңызды лайықты марапаттарымен құттықтаймыз және ғылым мен білімнің дамуына қосқан үлестері үшін барлық әріптестерімізге, студенттер мен қонақтарға алғысымызды білдіреміз!