«Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы 2026 жылы оқуға түсетін шетел азаматтарына Қазақстан Республикасының заңнамасына және медициналық кадрларды даярлауға қойылатын талаптарға сәйкес әзірленген «Медицина» интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламасының іске асырылатыны туралы хабарлайды.

Бағдарлама туралы негізгі ақпарат:

  1. Білім беру бағдарламасының атауы: «Медицина» интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламасы.
  2. Қабылдау жүргізілетін оқу жылы: 2026–2027 оқу жылы.
  3. Оқу кезеңі: 2026–2032 жылдар.
  4. Оқыту нысаны: күндізгі.
  5. Оқыту тілі: ағылшын тілі.
  6. Берілетін біліктілік: дәрігер.
  7. Оқу ұзақтығы: 6 жыл (72 ай), оның ішінде:

- теориялық оқытуды, практикалық даярлықты және клиникалық оқытуды қамтитын кемінде 54 ай академиялық даярлық;

- медициналық ұйымдарда өтетін 12 ай клиникалық тағылымдама (клиникалық практика).

Түлектердің кәсіби құқықтары: «Медицина» білім беру бағдарламасын аяқтаған шетелдік түлектер Қазақстан Республикасы азаматтары болып табылатын түлектермен бірдей академиялық және кәсіби құқықтарға ие.