Ualikhanov University-де студенттер мен оқытушыларды университеттің жасанды интеллект агенттері платформасымен және оның білім беру үдерісіндегі мүмкіндіктерімен таныстыруға бағытталған JOIN AI акциясы өтті.
Іс-шара барысында қатысушыларға платформаның функционалдық мүмкіндіктері таныстырылып, интеллектуалды көмекшілердің жұмысы және оларды білім беру мен ғылыми-зерттеу қызметінде қолданудың практикалық жолдары көрсетілді.
Жасанды интеллект құралдарын тәжірибе жүзінде қолдануға ерекше көңіл бөлінді. Студенттер университеттің ЖИ сервистерін өз бетінше сынап көріп, интеллектуалды көмекшілерге сұрақтар қойып, олардың күнделікті оқу тапсырмаларын орындаудағы мүмкіндіктерін бағалады.
Университеттің ЖИ сервистерімен танысып, белсенділік танытқан қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды.
JOIN AI акциясы Ualikhanov University-де жасанды интеллект технологияларын кеңінен танытуға, цифрлық құзыреттілікті дамытуға және студенттерді заманауи технологияларды белсенді пайдалануға ынталандыруға бағытталған кезекті бастама болды.