Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің 1 курс докторанттары үшін 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Ғылыми зерттеу әдістемесі» пәні бойынша Санкт-Петербург мемлекеттік теміржол университетінен шақырылған техника ғылымдарының кандидаты, профессор Талал Аввад Император Александр 1 дәріс және тәжірибелік сабақтарын жүргізеді.
Сабақтар аясында профессор Т.Аввад ғылыми білімнің әдіснамалық негіздері, диссертациялық зерттеу құрылымы, сонымен қатар жалпы ғылыми қызметті ұйымдастыру және жоспарлау туралы әңгімелейді.
Профессор халықаралық рецензияланатын журналдарда ғылыми мақалалар жариялау мәселелеріне ерекше көңіл бөледі, докторанттарға кеңес береді және олардың ғылыми зерттеулерімен жұмыс істеуге құнды кеңестер береді.
Сабақтар заманауи интерактивті технологияларды қолдану арқылы ағылшын тілінде онлайн режимінде өткізіледі, мұнда оқытушы мен докторанттар сабақ барысында үнемі өзара әрекеттесiп, пікір алмасады, сұрақтар қойып, қойылған мәселені талқылайды.
Бұл курс туралы докторанттарымыздың ойлары:
Бұл курс өз зерттеулерімен айналыса бастаған жас ғалымдар үшін өте пайдалы. Профессор Аввад ғылыми қызметті ұйымдастыру бойынша кәсіби кеңестер береді.
Зарина Рудик, 1 курс докторанты
Мұғалімнің кәсіби шеберлігін атап өткім келеді. Осы пән бойынша алынған барлық білім одан әрі кәсіби қызмет үшін пайдалы болады.
Шагбан Бектасов , 1 курс докторанты
«Зерттеу әдістері» пәні аясында профессормен өткізілген сабақтар маған әрі қарайғы зерттеулерімнің дұрыс траекториясын анықтауға көп көмектеседі.
Ғалия Абишева , 1 курс докторанты
Профессор Талал Аввадтың жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде 20 жылдан астам тәжірибесі бар, оның 15 жылын әкімшілік басшылық қызметтеріне арнаған.
Профессор ISSMGE (International Society for Soil Mechanics and Geotechnics), OSEA (Сириялық инженерлер мен сәулетшілер қауымдастығы), NEC (Ұлттық зілзала орталығы, Дамаск, Сирия) және т.б. сияқты халықаралық кәсіби бірлестіктердің мүшесі болып табылады.
Сондай-ақ, қазіргі таңда профессор Т.Аввад – Еуразия тау-кен ғылымдары академиясының құрметті мүшесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық тау-кен ғылымдары академиясының құрметті академигі, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің және басқа да халықарылық университеттердің құрметті профессоры.
Профессор Талал Аввадтың бүкіл ғылыми қызмет кезеңінде 250-ден астам жарияланымдары бар, соның ішінде Scopus , Thompson Reuters деректер базасына енгізілген индекстелген халықаралық мерзімді басылымдарда жарияланған.
Т. Аваад ғылым мен технологияны белсенді түрде дамытуда, сондай-ақ, ғылыми жобаларды құру және басқаруда үлкен тәжірибесі бар.
Т. Аваад жетекшілігімен ағылшын, араб және орыс тілдерінде 20-дан астам докторлық (PhD), 50-ден астам кандидаттық диссертациялар қорғалды.