2026 жылғы 1 маусым мен 14 маусым аралығында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде:
«Билингвизм, мультилингвизм және клиникалық лингвистика: заманауи зерттеу әдістері» бағдарламасы бойынша Біліктілікті арттырудың халықаралық жазғы мектебі басталады.
Жазғы мектеп аясында дәрістерді халықаралық деңгейдегі жетекші ғалымдар мен сарапшылар жүргізеді:
- Maria Polinsky - University of Maryland, College Park (АҚШ) университетінің лингвистика профессоры
- Ольга Драгой - филология ғылымдарының докторы, профессор, нейролингвист, Ұлттық зерттеу университеті «Жоғары экономика мектебі» Тіл және ми орталығының директоры (Мәскеу, Ресей)
- Natalia Meir - PhD, Бар-Илан университетінің ағылшын әдебиеті және лингвистика кафедрасының профессоры (Израиль)
Қатысушыларды:
- өзекті ғылыми бағыттар;
- лингвистикалық зерттеулердің заманауи әдістері;
- халықаралық тәжірибе және академиялық ынтымақтастық;
- кәсіби даму және тәжірибе алмасу;
- белгіленген үлгідегі сертификат күтеді.
Халықаралық ғылыми диалог пен кәсіби даму кеңістігіне қош келдіңіздер!