Бүгін Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде ұлы ғалымның 190 жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференция өтті.

«Шоқан Уәлихановтың мұрасы: өңірлік қырлары мен жаһандық даму бағдарлары» атты бұл конференция ғылым мен білім саласындағы жаңа байланыстарды нығайтудың маңызды алаңына айналды.

  • Конференция жұмысы университет алаңында Шоқан Уәлихановтың бюстіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды.
  • Ғылыми кітапхана ұйымдастырған көрмеде Шоқанның өмірі мен еңбектері кеңінен таныстырылды.
  • Конференция аясында:
  • Қырғызстаннан келген филология ғылымдарының докторы Мээрим Курманбековна Көлбаева «Манас» эпосы және Шоқан еңбегі туралы мазмұнды баяндама жасады.
  • АҚШ-тан келген профессор Бюлент Тарман, үш Scopus журналдарының бас редакторы, өз тәжірибесімен бөлісті.
  • Zoom арқылы танымал отандас ғалымдарымыз Зиябек Ермұханұлы Қабылдинов, Жарас Әкішұлы Ермекбай және Орденбек Блисбекұлы Мазбаев қосылды.
  • Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және жас ғалымдарға қолдау көрсету – университетіміздің басым бағыттарының бірі.

Осыған орай, Шоқан Уәлиханов атындағы 4 атаулы шәкіртақы тағайындалатын болады.

Бүгінгі жиын - Шоқан мұрасына тағзым етіп қана қоймай, жас буынға жаңа ғылыми ізденістерге жол ашқан тағылымды күн болды!