2024 жылғы 11 сәуірде морфология, физиология және жалпы патология кафедрасының базасында Жоғары медицина мектебінің студенттері арасында «Медициналық жаңа сын-қатерлер мен шешімдер: Студенттік ғылыми көзқарас» атты студенттік ғылыми конференция өтті.Конференцияны құттықтау сөзімен морфология, физиология және жалпы патология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Жанғалов Бануаржан Баянович ашты.
Конференция барысында студенттер келесі тақырыптарда баяндама жасады:
1. Kumar Kavimozhi және Mohammedkhanna Shimaa – Medical aspects of endometriosis and its impact on quality of life
Баяндамалар тыңдаушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды, пікірталас барысында қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, ойларымен бөлісті. Студенттік ғылыми жұмыстар қазіргі медицинаның өзекті мәселелерін көтеріп, мазмұндылығымен және жоғары дайындық деңгейімен ерекшеленді. Көптеген зерттеулер болашақта тереңдетілген ғылыми ізденіс пен халықаралық конференциялар мен ғылыми журналдарда жариялауға лайық. Конференция қорытындысы бойынша барлық спикерлерге алғыс хаттар табыс етілді.
Ұйымдастырушылар конференцияға белсене қатысқандары, ғылыми қызығушылықтары мен жоғары деңгейдегі баяндамалары үшін студенттерге алғыс білдіреді. Жас зерттеушілерге шығармашылық шабыт, оқуда және ғылымда табыстар тілейміз!