Ualikhanov University базасында «ЮНИСЕФ Жастары» волонтерлік хабы ресми түрде ашылды!
Жаңа өңірлік орталық Солтүстік Қазақстан жастары үшін көшбасшылықты, волонтерлікті, азаматтық белсенділікті және әлеуметтік бастамаларды дамыту алаңына айналады. Жоба Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылды.
Ашылу рәсіміне ЮНИСЕФ, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, халықаралық ұйымдар өкілдері, студенттер мен жас волонтерлер қатысты.
Хаб балалар құқықтарын қорғау, цифрлық сауаттылық, экологиялық тұрақтылық, менталдық денсаулық және әлеуметтік инклюзия бағытындағы жобаларды қолдайды.
Бүгінде «ЮНИСЕФ Жастары» желісі Қазақстан бойынша 10 мыңнан астам жас волонтерді біріктіреді. Ал Көкшетауда ашылған жаңа хаб еліміздегі төртінші өңірлік орталық әрі Солтүстік Қазақстанға арналған алғашқы осындай алаң болды.