Ualikhanov University қабырғасында неміс тілі бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиада ұйымдастырылды. Олимпиада Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген болашақ лингвист-студенттерді біріктірді.
Бұл іс-шара тек білім сайысы ғана емес, сонымен қатар неміс тілі мен мәдениетіне қызығушылық танытқан жастар үшін тәжірибе алмасу алаңына айналды. Олимпиадаға «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын, неміс тілін бірінші немесе екінші шетел тілі ретінде меңгеріп жүрген студенттер қатысты.
Екі турдан тұратын байқау барысында қатысушылар неміс тілін меңгеру деңгейін, шығармашылық және коммуникативтік қабілеттерін көрсетті. Олимпиада қорытындысы бойынша екі номинацияда жеңімпаздар анықталды.
Неміс тілін бірінші шетел тілі ретінде оқитындар арасындағы жеңімпаздар:
• 1 орын — Болгару Никита (Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау университеті)
• 2 орын — Кенесбек Әсем (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ), Патрушева Алина (Ш. Уалиханов атындағы КУ)
• 3 орын — Лукьянова Александра (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ), Бахытова Әсем, Танатар Дильназ (Ш. Уалиханов атындағы КУ)
Неміс тілін екінші шетел тілі ретінде оқитындар арасындағы жеңімпаздар:
• 1 орын — Терлекпаев Рустам (Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ)
• 2 орын — Слесарь Александра (М. Қозыбаев атындағы СҚУ), Жалалдин Ділназ (Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ)
• 3 орын — Афанасьева Вероника (М. Қозыбаев атындағы СҚУ), Булатова Аймара (Абай Мырзахметов атындағы КУ), Ахмедова Зухра (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ)
Жеңімпаздар Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау университетінің, Германия Елшілігінің (Астана) және Goethe-Institut Kasachstan-ның атынан дипломдармен, сертификаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Қатысушылар мен ұйымдастырушыларға неміс тіліне деген қызығушылығы мен тілдік білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз.