Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің Жоғары медицина мектебі өткен аптада халықаралық студенттерге арналған спорт күніне орай есте қаларлық іс-шара өткізді. Аталған шара шетелдік студенттерді біріктіріп, айрықша әсер қалдырды. Іс-шараның басты мақсаты - жастардың денсаулығын жақсарту, салауатты өмір салтын насихаттау, сонымен қатар әртүрлі мәдениет өкілдері арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту. Бұл күні барлық қатысушылар көтеріңкі көңіл-күйде болып, достық пен өзара түсіністіктің керемет атмосферасын сезінді. Шараны ұйымдастырушылар жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға естелік сыйлықтар мен арнайы дипломдар дайындап, қуаныштарын еселей түсті.