Ғылым қоғам игілігіне: тоқішек ауруларын ерте анықтауға бағытталған жаңа зерттеу
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ғылым қоғам игілігіне» айдары аясында денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелердің бірін шешуге бағытталған ғылыми зерттеу таныстырылады. Ualikhanov University базасында министрліктің гранттық қаржыландыруы аясында «Қазақстандағы тоқішек ауруларының клиникалық-диагностикалық және морфологиялық детерминанттары: инновациялық тәсілдер мен шешімдер» атты ғылыми жоба жүзеге асырылып жатыр.
Жобаның ғылыми жетекшісі – медицина ғылымдарының докторы, профессор, Өмір және денсаулық ғылымдары орталығының директоры Нұрбек Сағынбекұлы Игісін.
🔗 Толығырақ: gov.kz