Жуырда ерекше маңызды оқиға орын алды: “Қазпошта” АҚ, TechnoWomen коммерциялық емес ұйымы және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен цифрлық әлемдегі әйелдерге арналған алғашқы пошта маркасы шығарылды.
Осы бірегей марканың дизайнері — біздің университеттің шығармашылық және спорт кафедрасының студенті Элитa Яндыева екенін зор қуанышпен хабарлаймыз!
Біз студенттеріміздің жетістіктерін мақтан етеміз және Элитаның әлі де көптеген жарқын жобалар мен жеңістерге жететініне сенеміз!