«Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Бакалавриат бағдарламалары бойынша оқуға түскен шетелдік студенттерге бір академиялық семестр кезеңіне ай сайынғы 15 000 теңге көлемінде шәкіртақы тағайындауға конкурс жарияланғанын хабарлайды.

Негізгі іріктеу критерийі – студенттің үлгерімі, GPA кемінде 3,33 балл болуы керек.

Халықаралық ынтымақтастық бөлімге тапсырылатын құжаттар тізімі:

- Транскрипт;

- Төлқұжат көшірмесі;

- Университеттің қоғамдық және мәдени өміріне белсенді қатысқаны үшін дипломдардың, сертификаттардың, алғыс хаттардың көшірмелері (бар болса);

- Ұсыныс хат

Сұрақтарыңыз болса, global@shokan.edu.kz электрондық поштасына хабарласыңыз.