Ернарды каратэ шинкиокушинкайдан алғашқы данның қара белбеуін алғанымен шын жүректен құттықтаймыз.

Саған ең жарқын жеңістер мен жетістіктер, барлық тұғырларды бағындыру және, әрине, мықты денсаулық тілейміз!!!

Жумашев Ернар Ш. Уәлиханов атындағы КУ "Шығармашылық және спорт" кафедрасы Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау мамандығының 1 курс студенті.

2023 жылдың 26 ақпанында Ернар Жапониядан келген көптен күткен белдікті алды, ал оны ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, шинкиокушинкай каратэ федерациясының вице-президенті, алтыншы дана қара белбеу иегері Қайртай Қалижанұлы Сарманов табыстады.

Ернар каратэмен 5 жасынан бастап айналысады және халықаралық, республикалық және облыстық жарыстардың чемпионы.

Қазіргі уақытта "Сардар"(@@көкшетау_карате 1) клубында ағайынды Алмас пен Аязби Алшинбаевтардың басшылығымен каратэмен айналысады.

Оқушылардың жетістігі - тәлімгердің еңбегі!