«Ұлттық қазына» жобасының жеңімпаздары анықталды!
Ualikhanov University-де оқу жылының басынан бері жалғасқан «Ұлттық қазына» шығармашылық жобасы өз мәресіне жетті. Жоба аясында университеттің кафедралары қазақ халқының тарихи тұлғалары, ұлттық құндылықтары, мәдени мұрасы мен киелі жерлеріне арналған бейнероликтер әзірлеп, олар университеттің Instagram, Facebook және Telegram ресми парақшаларында жарияланып отырды.
Жобаның басты мақсаты - ұлттық мұраны заманауи форматта насихаттау, жастардың тарихи санасын қалыптастыру және шығармашылық бастамаларды қолдау болды.Байқау қорытындысы үш әлеуметтік желіде жинаған лайктардың жалпы саны бойынша шығарылды.
Оқу жылы бойы өткен шығармашылық додаға университеттің барлық кафедралары белсенді қатысып, өздерінің тың идеялары мен креативті жұмыстарын ұсынды.
Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Жобаға белсенді атсалысып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге өз үлестерін қосқан барлық кафедраларға алғысымызды білдіреміз. «Ұлттық қазына» жобасы шығармашылық бәсеке ғана емес, ұлт тарихы мен мәдени мұрасын жаңа форматта танытуға мүмкіндік берген маңызды бастамаға айналды.
Ұлттық құндылықтарды ұлықтау жолындағы осындай игі жобалар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.