1. Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің ұйымдастыруымен 2025 жылғы 17-18 сәуір күндері ҚР жоғары оқу орындарының өзге ұлт өкілдері студенттері арасындағы «Қазақ тілі» пәні бойынша республикалық пәндік олимпиадада г.ғ.м., лектор Б.К.Аубакированың жетекшілігімен Коротченко Ирина, Кудашева Сабина, Зевахин Владислав жүлделі 3-орынға ие болды.
2. 2025 жылдың 22-23 сәуір аралығында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті базасында Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының бакалавриат білім алушылары арасында «Қазақ тілі мен әдебиеті» БББ бойынша ХVІІ Республикалық пәндік олимпиадасында PhD, қауымдастырылған профессор Г.С.Бөкеннің жетекшілігімен “6В01717 - Қазақ тілі мен әдебиеті” білім беру бағдарламасының студенттері Құрманхан Қарақат, Бектұр Мерей, Жанглисова Ақбота жүлделі 1-орынға ие болды!
3. 2025 жылдың 24 сәуірінде Алматы облысы, Қаскелең қаласының “SDU UNIVERSITY” мекемесінде ҚР жоғары оқу орындары студенттері арасында “6В02301 - Филология: қазақ филологиясы” БББ бойынша XVII Республикалық пәндік олимпиадасында PhD, проф.ассист. Б.Қ. Шагирбаеваның жетекшілігімен “6В02301 - Филология: қазақ филологиясы” білім беру бағдарламасының студенттері Ермагамбетова Сандуғаш, Карабаева Эльнура, Серпер Айгерім жүлделі 3-орынға ие болды.
Бұл жетістіктер - Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының білім беру сапасының көрсеткіштері. Жеңіс құтты болсын!